Атырау, 17 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

775 просмотра

Алматыда пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтті. Оған 300-ге жуық спортшы қатысты.

Атыраулық қатысушылардың арасынан Ерсейіт Бралин 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені жеңіп алды – оның көпсайыстағы нәтижесі 720 келі болды.

* * * * *

Щучинск қаласында ҚР VI Спартакиадасы аясында баскетболдан ерлер командалары арасында үздіктер анықталды.

Жарысқа Қазақстанның 7 облысынан: Алматы, Астана, Шымкент, Атырау, Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарынан командалар қатысты. Нәтижесінде 1-орынды Астана командасы, 2-орынды Шымкент, 3-орынды Атырау командасы иеленді.

* * * * *

Өзбекстанда Бұхара палуандарын еске алуға арналған еркін күрестен XVI ашық халықаралық турнирі өтті.

Мұнда атыраулық балуандар 3 күміс, 2 қола алқа жеңіп алды. Күміс алқа Нұрдәулет Базарбаевқа (57 келіге дейін), Айдын Тәжіғали (86 келіге дейін) және Аманғали Бекзатқа (92 келіге дейін), қола алқа - Талап Жолдасов (77 келіге дейін) пен Ерасыл Сайрановқа (92 кг дейін) бұйырды.

* * * * *

Алматыда жеңіл атлетикадан Паралимпиада ойындары өтті. Оған Атырау облысынан 11 спортшы қатысып, 13 алтын, 8 күміс, 4 қола алқа жеңіп алды.

Атап айтқанда, Алина Әлиева 100 және 200 метрге жүгіруден үздік болса, диск лақтыру сайысында қола жүлдені иеленді. Амангелді Ешімов найза лақтыру мен ұзындыққа секіруден бірінші болса, диск лақтырудан күміс жүлдені жеңіп алды.

* * * * *

Алматыда панкратионнан ҚР чемпионаты өтті. Жекпе-жек «традишн» және «элита» санаттары бойынша өтті.

«Традишн» санатында үш атыраулық спортшы ел чемпионы атанды: Әлихан Зубариев (66 келіге дейін), Равхат Тоқтар (77 келіге дейін), Думан Балмұқанов (92 келіге дейін) және Айкөрік Қуандықова (66 келіге дейін). «Элитада» Сағидолла Ерлан (75 келіге дейін) мен Вероника Головницкая (85 келіге дейін) еліміздің үздіктері атанды. Турнир қорытындысы бойынша Атырау облысы жалпыкомандалық 1-ші орынды иеленді.

* * * * *

Таразда ҚР VІ жазғы спартакиадасы аясында су добынан жарыс өтті. Турнирге Астана, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы және Атырау қалаларының командалары қатысты.

Атыраулықтар барлық кездесуде жеңіліс тауып, тек бір ғана Астана командасын ұтты. Бірақ біздің команданың бұл турнирге мүлде қосалқы ойыншысыз барғанын ескеру керек. Мұндай жағдайда соңғы орынның алдында болуы ерлікпен тең.

* * * * *

Астанада өткен VI Жазғы Паралимпиада ойындары аясында Атырау облысының таэквондо командасы жалпыкомандалық 1-орынды иеленді.

Атап айтқанда, Әлішер Ғариполлаев пен Ғибратжан Бақберген чемпион атанды.

* * * * *

Таразда ҚР Спартакиадасы аясында дзюдодан жарыс аяқталды. Атырау облысы құрамасының қоржынында 2 қола алқа бар.

Қола алқаны Арман Қалиев (100 келіден жоғары) пен Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) жеңіп алды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 маусым 2023, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.