Атырау, 27 қараша 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«ҚазМұнайГаздың» еншілесі Теңізден Қарабатанға шикізат жеткізеді

1 383 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «KMG PetroChem» ЖШС Теңіз кен орны аумағының бір бөлігін жалға алып отырғаны белгілі. Учаскеде этан өндірілмек. Оны Атырау облысындағы газ-химия кешенінде полиэтилен өндіруге шикізат ретінде пайдалану жоспарланып отыр.

Сондай-ақ компания келісім бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нен Теңіз кеніші аумағындағы 111 гектар жерді газ айыру қондырғысын салу үшін 30 жылға жалға алатыны белгілі. «АЖ» «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сауал жолдады. Жауапта «KMG PetroChem» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны екені, ол мұнайгазхимия жобаларын, оның ішінде «Газ айыру кешенін салу» жобасын (бұдан әрі – ГАК) іске асыратын жеке бизнес бөлімше ретінде құрылғаны айтылған.

«ГАК – «Полиэтилен» жобасын жылына кемінде 1,6 млн тоннадан кем емес көлемде шикізат – этанмен қамтамасыз ететін міндетті инфрақұрылымдық нысан. Ол үшін Теңіз кен орны аумағында газ айыру кешенін салу жоспарлануда. Оның ТШО-ның құрғақ газын өңдеу қуаттылығы - жылына 9,1 млрд текше метр этан алу, оны магистральдық этан құбыры арқылы Теңіз кен орнынан ұзындығы шамамен 210 км «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» АЭА-ға («ҰИМХТ») тасымалдау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта KMG PetroChem  ТШО және мемлекеттік органдармен бірлесіп, ГАК үшін жер телімін беру мәселесін пысықтауда. Оны берудің соңғы шарттары келіссөздер қорытындысы бойынша анықталады», - делінген хабарламада.

Айнұр САПАРОВА

10 маусым 2023, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.