Атырау, 27 қараша 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ретро саябақ: мәдениет те, демалыс та жоқ

Сурет
1 462 просмотра

Атырауда Ретро саябақты қала балансына қайтару процесі басталды

Еске салсақ, «Ретро саябақ» деп аталатын мәдениет және демалыс саябағының құрылысы ТШО есебінен 2015 жылдың ақпан айында Жилгородокта Жайық жағасында басталған болатын. Жылдар өткеннен кейін 3,5 гектар аумақты жасыл жазираға айналдырмақ болған нәтижесіз талпыныстардан соң оны сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер саябақты қаланың қарауына тапсырды.

Ретро саябағын салу идеясының өзі қызықты болатын. Бастапқыда қала тұрғындары жабайы түрде өсіп тұрған жасыл-желектің кесілуіне наразы болған еді.  

2017 жылы амфитеатры, дәмханасы, көрме павильоны, музыкалық және жанып тұратын субұрқақтары, жасанды тоғаны бар нысан ретінде классикалық стильде жабдықталған тұрғындардың жаңа демалыс орны пайдалануға берілді. Әрине, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің ескерткіші негізгі көрнекі нысан болып, оның ашылуына қатысушылар қуана келген болатын-ды.

Алайда аумақты көгалдандыру мәселесіне оралайық. Жоба бойынша 750 ағаш отырғызылды. Саябаққа қызмет көрсету үшін «Атырау мәдениет және демалыс саябағы» МҚК құрылды. Бәрі жақсы-ау, бірақ қайтымсыз проблемалар пайда бола бастады. Суару жүйесі реттелмеді, сондықтан отырғызылған өсімдіктер қурап қалды. Ал газондарды, көгалдандырушылардың айтуынша, еңіс беткейлерде өсіру қиын, әсіресе суару кезінде қиындықтар болады. Рас, бәрі болмаса да, жерсініп кеткен ағаштар бар.

Су беру мәселесі құбылмалы тұқыларды орналастыру жоспарланған жасанды тоғанға да әсер етті. Бірақ тоғандағы су бірнеше аптаның ішінде қарайып, лайланып кетті. Ішінде балықтың болуы олар үшін қатал сынақ болар еді, сондықтан тоғанға тұқы балықтарын жіберу идеясын жылдар бойы ешкім есіне алмады.

...Көгал қурап, гүлзарларды арамшөп басып, әжетхана бітеліп, шамдар сөніп, салынған ғимараттардың бойында жарықтар пайда болып, кей жерлерде кесек тастар алынып қалды. Тіпті «Дос-Мұқасан» композициясындағы барабаншы таяғын да бұзақылардың кесірінен жөндей беруден жалықты – қоладан жасалған музыкант өзінің маңызды элементінің бір бөлігінен айырылып, аспабының алдында жартылай қатқан күйде қалды.

Пандемия құрып бара жатқан саябақтың біржола түбіне жетті. Көгалдандырушылар шекараның жабылуына байланысты арзан жұмыс күшін жоғалтты, ал жергілікті тұрғындар ол жерде жұмыс істегісі келмеді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің «АЖ» сауалына берген жауабы оптимизмге толы: «Жалпы, саябақтағы жағдай қалыпқа келтіріліп, бүгінде аумақта субұрқақты іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, түзілген жарықтар бітелді. Сенімгерлік басқаруға беру үшін саябақтағы екі ғимарат конкурсқа қойылды. Бұл ретте жаңа басшы Ретро саябақтың ішінде орналасқан дәмханаларды, көрмелер мен аттракциондарды күтіп ұстауды ұйымдастыру керек болады».

Ал Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ таяуда өткен баспасөз мәслихатында:

– Жоспарланғандай, «Ретро» саябағы Жеңіс саябағымен және Жастар саябағымен бірге қаланың саябақ аймағын қоршауы тиіс. Біз осы бағытта қозғаламыз, - деді.

Ал, көгалдарды, ағаштар мен гүлдерді кім отырғызады – бұл жағы белгісіз сияқты. Қала көгалдандырушылары да әлі де ой үстінде секілді: көгалдандыру маусымы өтіп кетті, ал аптап ыстықта көшет отырғызу жақсы ат бермейтін жұмыс. Мүмкін, тәуекел етер, бәрі де Ретро саябақты қалпына келтіруге бөлінетін қаражатқа байланысты.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген автор

8 маусым 2023, 21:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.