Махамбет ауданына қарасты Алға ауылының домбырашылары Ташкентте өткен халықаралық конкурста бас жүлде алды.
Алға ауылының «Әлқисса» ансамблінің домбырашылары құрамына кіретін «Балдырғандар» және «Ақжелең» тобы Өзбекстан астанасына барды.
Жеке орындауда Аруна Нысанбай Д.Нұрпейсованың «Науысқы» күйін, Алмат Өтеу Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Орынбай Түгел А.Еңсеповтің «Шашу», Мадияр Жанғабыл Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйлерін орындап, 1-орынды қанжығаларына байлады.
- Бұл балалардың шет елге алғаш рет шығуы. Бұған дейін республика көлемінде өткен жарыстардан бірнеше рет жүлде алған. Балалардың Өзбекстанға баруына ауылдық «Мәдениет үйі», ауыл тұрғындары және ата-аналар қолдау көрсетті, - деді үйірме жетекшісі Алмагүл Ермекова.
«Әлқисса» домбырашылар үйірмесі 2020 жылы ашылған. Қазір үйірмеде 8-15 жас аралығындағы 65 шәкірт білім алуда. Үйірме жетекшісі Алмагүл Ермекова Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, «Үздік ұстаз» аталымының иегері.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді Махамбет ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі жолдады