Атырау, 12 қазан 05:39
 дождьВ Атырау +13.2
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Балаларды жиі қағып кетеді

Бейнежазба
1 461 рет қаралды

Атырау облысында жыл басынан бері ЖКО оқиғасы кезінде 4 жасөспірім қайтыс болса, 30-ға жуығы әртүрлі дене жарақатын алған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ЖКО жаз айларында көбейетінін хабарлады. Мәселен, 5 маусымда Исатай ауданы Жанбай ауылы аумағында 30 жастағы жүргізуші үш жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицияның жедел іс-қимылының нәтижесінде күдікті жүргізуші анықталып, ұсталған. Сол күні Атырау қаласы аумағында электронды самокат басқарып келе жатқан 2 жасөспірімді "Toyota" автокөлігі қағып кетіп, бірі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Полиция ата-аналарға балаларына жол ережесін қатаң сақтауға үйретуді сұрайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған бейнежазба

8 маусым 2023, 19:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.