Бұл көшеде орташа жөндеу жұмыстары жасалады, мердігері - "Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты" АҚ. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады. 8 маусымда таңертеңгі сағат 9:00 ден бастап С.Бейбарыс даңғылы мен Х.Нәубетов көшесі аралығында 400 метр жол бөлігі жабылды.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, бұл жолға жаңа асфальт төселіп, жаяу жүргінші жолы салынады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Сурет Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен