Атырау, 27 қараша 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазан іші қапырық

Сурет
1 574 просмотра

Мақат кентінде «Гүл қазан» деген атауға ие ғимараттың пайдасы да, зияны да бар болып шықты. Оны қазанда «қайнап» отырған мекеме қызметкерлері жақсы біледі.

Жалпы аудан орталығында кезінде ауыз су мен майдан босаған қазандар баршылық болатын. 2019 жылы сол кездегі әкімдер ұсқыны кетіп, жарамсыз күйде қалқиып тұрған алып қазанның бірін пайдаға асыруды көздейді. Жалпы алаңы 1059 шаршы метр, биіктігі 14,5 метр болатын су қазанын ғимаратқа айналдыру үшін бюджеттен 170 млн теңге жұмсалып, мердігер «ДанСтройЛТД» ЖШС өз жұмысын атқарып шығады.

«АЖ» тілшісі «Гүл қазанның» төрт жылдан кейінгі кейпін көрмек болып, арнайы барған еді. Бүгінде мұнда жастар орталығы мен аудандық балалар, жасөспірімдер дене тәрбиесі, даярлау клубы орналасса, үшінші қабаты көшпелі өлкетану мұражайының көрмесіне берілген. Екінші қабаттағы дәретхана жұмыс жасамайды, ал қазанның сыртқы қабатын гүлмен «безендіргенімен» сыры кетіп, қабыршақтанып түсіп жатыр.

- Бұл қазан бүгінде біздің мекеменің балансында. Жасыратыны жоқ, үшінші қабатта өтетін көшпелі көрме өткізу кезінде қиналып қаламыз. Тыныс алу мүмкін емес, қара терге түсіп, ауа тарлығы қатты сезіледі. Терезелерін ашылмайтын күйде жасаған. Желдеткішті үнемі қоса алмаймыз, оның шығыны көп. Көрме кезінде қосып, кейін ажыратуға тура келеді. Бірақ ондай мүмкіндікке үнемі ие бола алмаймыз. Сол себептен көрме өткізу кезінде реніш көп айтылады, - дейді Мақат аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әнуарбек САДЫҚОВ.

«АЖ» тілшісі бұдан екі жыл бұрын «Гүл қазанның» терезесін ауыстыруға шешім қабылдадық деген әкімшілік уәдесінің орындалмағанын анықтады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

9 маусым 2023, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.