Атырау, 27 қараша 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Судан сақ болыңдар!»

Сурет
839 просмотра

ТЖД құтқарушылары алаңдап, суда қауіпсіз шомылуды насихаттау мақсатында түрлі іс-шараларды өткізуде.

Бақылау нәтижесінде облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске анықталып отыр (Атырау қаласы – 17, Индер қаласы – 10, Махамбет ауданы – 19, Құрманғазы ауданы – 2, Жылыой ауданы – 7, Қызылқоға ауданы – 15). Аталған жерлерде 238 тыйым салу белгісі орнатылған. Статистикаға сәйкес, судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйінде шомылу, балалар арасында еркелік пен ата-аналардың немқұрайлылығы салдарынан, қалған жағдайларда денсаулықтың күрт нашарлауы мен құрысуларға байланысты болады.

ТЖД маусым басталғанға дейін (15 маусым) суға түсуден бас тартуға шақырады, өйткені жағажайларда түбі зерттелмеген, қоқыс әлі шығарылмаған, сонымен қатар қалқымалы қоршаулар жоқ. Қазір Жайық жүзуге әлі дайын емес, су деңгейі жоғары, ал суы суық, ағысы қатты.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ТЖД жолдаған суреттер

8 маусым 2023, 08:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.