Бүгін, 6 маусымда сағат 18:20 шамасында «Береке» ықшамауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесіне апаратын баспалдақтан 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлады.
Оның қандай жағдайда қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айнұр САПАРОВА
Әлеуметтік желіден алынған сурет