Атырау, 27 қараша 22:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Аққыстауда «Отбасын қолдау орталығы» ашылады

1 026 просмотра

Онда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері шешіледі, ең бастысы, қиын жағдайға тап болған балалы әйелдерге көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімі аппараты жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Зәмзәгүл ЖАЛМУРЗИНА брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, Атырау қаласында, Жылыой және Құрманғазы аудандарында мұндай орталық өткен жылдан бері қызмет етіп келеді. Аққыстау орталығында отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер мен олардың балалары уақытша орналастырылады. Бұл жерде олар медициналық, құқықтық және психологиялық көмек ала алады.

Брифингке Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары Айбаршын ИМАНҒАЛИЕВА мен ҚПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айгерім ОРАҚБАЕВА қатысып, Атырау қаласындағы ахуалмен бөлісті.

- Біздің облысымызда ана мен баланы, отбасылық кикілжіңнен зардап шеккен жандарға көмек қолын созуға барлық мүмкіндік жасалған. Соның бірі 2012 жылы ашылған «Дағдарыс орталығы». Жыл басынан бері орталықта 24 азаматша мен 63 кішкентай бала паналап, бүгін олардың саны 21-ге азайды. Қазір орталық 5 ана мен 16 балаға көмек көрсетіп отыр, - деді А. Иманғалиева.

Өз кезегінде А.Орақбаева биыл отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылғанын жеткізді. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша 677 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ ол, отбасы тұрмыстық саласы бойынша күніне орта есеппен 20-25 хабарлама келіп түсетінін айтты. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

14 маусым 2023, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.