Атырау, 2 наурыз 01:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Махамбетте ауылішілік жолдардың құрылысы басталды

1 335 рет қаралды

Олардың жалпы ұзындығы -  11,2 шақырым. Бұл туралы Махамбет аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жобаның мердігері - «Толағай 2050» ЖШС. Аяқталу мерзімі 19 ай болса, жоба құны - 2 млрд 488 млн теңге.

 - Осы жылы Мөңке ұлы, Оңайбаев, Байсейтова көшелеріне жол салынады. Биылғы бюджетке сыйып жатса, қосымша Айманов, Әбілхайыр хан көшелеріне де жол түсетін болады. Қалған көшелер келесі жылы жасалады, - деді аудандық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Сырымбет КЕНЖЕБАЕВ. Жоба аясында автобус аялдамасы салынады деп күтілуде. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

7 маусым 2023, 00:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.