Атырау, 23 қараша 20:50
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда билікті басып алмақ болған

741 просмотра

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру арқылы билікті басып алуды ойлағандар кім екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі аудио-бейне материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қылмыстық топ жыл бойы өз қатарына жақтастарын, "ел аумағы бойынша ең наразы азаматтарды" тартқан.

"Ұйымдастырушы және идеологиялық дем беруші – азаматтық белсенді және "Элдик Кенеш" саяси партиясының төрағасы Н.Р.С. Оның жетекшілігімен билікті күшпен басып алу жоспарларын талқылай отырып, жақтастарын мемлекеттік құрылымдарға қарсы қоюға  бағытталған кездесулер жүйелі түрде өткізіліп келген".Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі

Топқа қоғамның түрлі салаларынан және ел аймақтарынан 100-ден астам адам тартылған. Олардың әрқайсысына нақты тапсырмалар берілген.

"Жақын арада ұйымдық мәселелерді қаржыландыруға және негізгі тұлғаларға сыйақы төлеуге шетелдік көздерден ақша түседі деген ақпарат бар. Ұйымдастырушылар кез келген оқиғаға қатысты қоғамда наразылық пайда болғаннан кейін бірден қылмыстық жоспарын жүзеге асырудың белсенді кезеңін бастауды көздеген".Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі

Топтың 30-дан астам мүшесі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізілді. Олардың арасында негізгі ұйымдастырушы Н.Р.С, сонымен қатар оның төрт негізгі серіктесі бар. Ұсталғандар кінәсін мойындады деп хабарланды. Құқық қорғау органдары заттай айғақтарды тәркіледі.

6 маусым 2023, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.