Атырау, 27 қараша 23:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бізде халықаралық деңгейдегі мамандар даярланбақ

1 087 просмотра

Атырау облысы әкімдігі мен «Еділ-Орал.kz» ЖШС облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен тәуелсіз сертификаттау бойынша пилоттық жобаны іске асыруда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мұнымен қатар, «Білім беру жүйесінде кәсіптік стандарттарды қолдану» жобасы да пилоттық режимде жүзеге асуда.

- Ақпан айының 13-де тәуелсіз сертификаттау жүйесін енгізу бағытында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Атырау облысы әкімдігі мен «Еділ-Орал.kz» ЖШС арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды. Енді осы мемрандум аясында мұнай-газ сервистік саласындағы 25 мекемемен «АРЕС Petrochnic» колледжінде жиын өтті. «Еділ-Орал.kz» ЖШС 16 мамандықты сертификаттауды ұсынды. Сондай-ақ, бұл жүйені жүзеге асыратын оқу орындары анықталып, серіктес жұмыс берушілер белгіленді, - деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ.

Оның айтуынша, пилоттық жоба іске қосылғаннан кейін кәсіптік білімі бар жұмыссыздар да «Еділ-Орал» ЖШС-не өтінім беріп, содан соң, кәсіби дағдысына қарай сертификатқа ие болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде өңірде жоғары санаттағы жұмысшылар қатары артып, халықаралық дәрежеге ие болады. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

7 маусым 2023, 00:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.