Украинаның Херсон облысындағы Каховск су электр станциясы жарылып, төңірегін су ала бастаған. Бұл жөнінде билік құрылымдарының ақпаратына сүйеніп, ТАСС хабарлады.
Бұған дейін Baza және Shot телеграм-арналары Каховск ГЭС-ін жарылғанын жариялаған. Олар бөгетті "украин әскери қызметкерлері" жарғаны туралы фото суреттер мен видео таратқан.
Новая Каховка мэрі Владимир Леонтьев Каховка СЭС-і жарылғаны туралы ақпаратты "сандырақ" деп, теріске шығарғанын РИА Новости хабарлады. Оның сөзінше, "түнгі соққылардан су өткізетін қақпа бұзылып, су қатты екпінмен ағып жатыр".
Жергілікті биліктің айтуынша, су 5 сағаттан соң қауіпті деңгейге жетеді. Қазір су алған қауіпті аудандардан жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталған.
Каховск СЭС-інің жарылғаны туралы ақпаратты Украина қарулы күштерінің "Оңтүстік" әскері растаған. Олар Ресей әскерін кінәлаған.