3 маусымда Шымкентте «Ордабасы» мен «Атырау» арасында Қазақстан чемпионатының 12-тур матчы өтті.
«Ордабасы» қазір екінші орында жақсы келе жатыр, көшбасшы ретінде шабуылды көп жасады. «Мұнайшылар» да тайсалып қалған жоқ, екі таймда да бір-екі шабуылы гол соғуға мүмкіндік берді. Сонда да голды қожайындар салды. Алдымен 25-минутта айып алаңы сызығындағы қорғаушыдан ептілікпен шығып кетіп, алаң иелерінің өзбек легионері Бобур АБЫХОЛИКОВ төменнен сол жақ бұрыштан дәл тигізді. Ал 5 минуттан кейін алаң иелерінің екінші голы соғылды: украиндық қорғаушы (!) Сергей МАЛЫЙ әріптесінің күшті соққысынан кейін қақпа маңындағы допты шебер өңдеп, қонақтардың қақпасына тағы да дәл сол жақ бұрышынан гол соқты.
«Атырау» берілмеді, 49-минутта Нсунгуси ЭФФИОНГ бұ+рыштан келген допты қақпашы есін жиғанша қақпаның торына қадап келіп жіберді. Бірақ бұл африкалық шабуылшы басымен қалай ұрады десеңші! Бұл жерде Коте Махарадзенің белгілі «ол баспен ұрды, бірақ басымен ойламай қалды» деген комментарийін қолдануға келмейді. Жігіт небәрі 22 жаста, әлі де биіктен көрінері анық.
Өкінішке қарай, соңғы ысқырық естілгенше есеп өзгерген жоқ. 2:1 – алаң иелері жеңді. «Атырау» әзірге турнирлік кестеде 7-ші орында тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ