Атырау, 23 қараша 21:02
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Армения ҰҚШҰ белгілі бір қиындықтар тудырып отырғанын мәлімдеді

698 просмотра

Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян республиканың ҰҚШҰ-ға мүшелігі белгілі бір қиындықтар туындататынын мәлімдеді, деп хабарлайды kursiv.media.

«Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігі, әрине, белгілі бір қиындықтар тудырады, бірақ біздің басқа елдермен ынтымақтастығымызды шектемейді. Біз Батыс серіктестерімізбен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында қарқынды жұмыс істейміз және осы жұмысты жалғастырамыз», – деді Григорян Армян қоғамдық телеарнасында.

Оның айтуынша, «2020 жылдан бастап ҰҚШҰ-ның Арменияға көмектесткені туралы нақты мысал табу қиын болады».

«2020 жылдан бастап Әзірбайжан Арменияға үш рет ауқымды шабуыл жасады, осы кезде ҰҚШҰ Арменияға ешбір көмек көрсеткен жоқ», – деді ол.

Дегенмен, Григорян Армения бұл бағытта лайықты балама табылғанын атап өтті – «мысалы, Еуропалық Одақтың мониторингтік миссиясы».

«Осыдан кейін ғана ҰҚШҰ Арменияға көмегін ұсынды. Осынау әскери блок аталатын ұйым, үш ауқымды шабуылдан кейін ғана Арменияға фактілерді жинау миссиясын ұсынады. Бұл, кем дегенде, байыпты ұсыныс емес», – деп түйіндеді Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 

5 маусым 2023, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.