Атырау, 23 қараша 20:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та президенттік жарысқа қатысушылар саны артып келеді

463 просмотра

Тізім бар болғаны бірнеше күнде ұзаруы мүмкін, деп жазады Inbusiness.kz "Известия" порталына сілтеме жасап.

Axios хабарлағандай, Нью-Джерсидің бұрынғы губернаторы Крис Кристи өзінің науқанының басталғаны туралы Нью-Гэмпширде жергілікті уақыт бойынша 18.30-да 6 маусымда (Астана уақытымен 04.30 7 маусымда) жарияламақшы.

Оның артынан АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Майк Пенс 7 маусымда өзінің кандидатурасы туралы хабарландыру жасайды деп күтілуде. NBC News хабарлауынша, ол сайлауалды бейнебаян жариялайды және Айова штатындағы Дес Мойн қаласында сөз сөйлейді.

Үшінші үміткер - Солтүстік Дакота губернаторы Даг Бергам. Ол 7 маусымда Фарго қаласында мәлімдеме жасайды деп жоспарлануда. Республикалық саяси кеңесші Жанетт Хоффманның айтуынша, оның сайлауда жеңіске жетк, бірақ Трамптың "хаосынан" шаршаған сайлаушыларға ұнауы мүмкін.

Детройттағы Уэйн университетінің профессоры Саид Ханның айтуынша, жоғарыда аталған үш үміткердің ешқайсысы праймеризде жеңіске жете алмайды.

"Үш үміткердің ешқайсысында Дональд Трамп немесе Рон Десантис алуы мүмкін республикалық партияның номинациясында жеңіске жету мүмкіндігі жоқ. Трамп пен Десантис басқаларға қарағанда әлдеқайда танымал", - деп санайды ол.

5 маусым 2023, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.