Атырау, 1 қазан 02:38
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ердоған министрлердің 90%-ын ауыстырып тастады

718 просмотра

Сайлау нәтижесі бойынша қайтадан президент болған Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинетін ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Анадолыға» сілтеме жасап.

Түркия президенті 17 министрдің 15-сін лауазымынан алып тастады.Сонымен, Түркияның жаңа вице-президенті болып Джевдет Йылмаз тағайындалды, түрік СІМ басшысы Хакан Фидан болды, ол бұрын Ұлттық барлау ұйымының (MIT) басшысы, ішкі істер министрі - Ыстамбұл провинциясының бұрынғы губернаторы Али Ерликай. Қорғаныс министрі болып бұрын ел ҚК Бас штабының бастығы қызметін атқарған Яшар Гюлер тағайындалды.

Қазынашылық және қаржы министрі Мехмет Шимшек, Әділет министрлігінің басшысы - Йылмаз Тунч болды. Қоршаған ортаны қорғау министрі лауазымына Мехмет Өзхасеки тағайындалды, Алпарслан Байрактар Энергетика министрлігінің басшысы болып тағайындалды.

17 министрдің тек екеуі қызметінде қалды. Ол Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой.

5 маусым 2023, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.