4 маусымда Атырау қаласындағы орталық Исатай-Махамбет алаңында бір адамның денесі табылды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сағат 11:38 шамасында орталық алаңда 50 жастағы ер адамның қайтыс болғанын хабарлады.
- Денсаулығына байланысты деген болжам бар, ешқандай дене жарақаты жоқ, - деді баспасөз қызметінде.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Қазір марқұмның жеке басы анықталып жатыр. Әзірге оның сол маңда құрылыс жүргізіп жатқан мекеменің қызметкері екені белгілі.
Өлім себебі нақты белгісіз. Полиция іс қозғалғаны туралы хабарлаған жоқ.
Баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДӘУЛЕТ сөз соңында “Бір әулеттің басына түскен ауыр қаза, одан "үлкен жаңалық" жасап, босқа отбасына ауыртпалық салмауларыңызды сұраймын” деді.
Айнұр САПАРОВА
Видео из соцсети