Атырау, 27 қараша 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Любаня из Кубани» сүтінің нормативке сай келмеуі белсенділер мен сандәрігерлерді дауластырып қойды

922 просмотра

«Қара шаңырақ Қазақстан» қоғамдық бірлестігі Қазақстан аумағына сату үшін әкелінген сүт өнімдерін тексеріп, зертханалық әдіс арқылы нормативпен сәйкес келмейтінін анықтады.

«Қара шаңырақ Қазақстан» ҚБ төрайымы Лугзана БАЙЛАУОВАНЫҢ айтуынша, оларға сүт өнімдерінің, әсіресе ТМД елдерінен жеткізілетін өнімдердің сапасына қатысты шағымдар түсіп тұрады.

Осылайша, сынақтық сатып алу жүргізіліп, жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және техникалық реттеу және метрология департаменттері зертханалық зерттеулермен айналысты. Атаулардың бірінде - «Любаня из Кубани» сүтінде мәлімделген майлы-қышқылды құрам бойынша сәйкессіздік анықталды.

Осы зерттеулердің негізінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің құқық бұзушылық туралы мүдделі ведомстволарды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету және осы сүттің ҚР аумағындағы декларациясының күшін жою туралы бұйрық шығарылды.

Дерек бойынша, шағын атыраулық бір қоғамдық бірлестік бүкіл Қазақстан бойынша сүттің сатылуына тыйым салуға үлес қосса, бұл хикаяның екінші жағы – Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де бар. Осы хикаяның барлығы әлеуметтік желіге жария болған соң, «Қара шаңырақ Қазақстан» мен қалалық санитария дәрігерлері арасында дау туып, тұрғындар  «бұған қалай жол берілген?» деп, сандәрігерлердің ұстанымына қарсы шықты.

Бұл тұрғыда санитария дәрігерлерінің өз пікірі бар.

– Бізге 16 мамырда «Любаня из Кубаниді» майлы-қышқылды құрам бойынша сәйкес келмейді деген шағым түсті. Бұл тұтынушы үшін қауіпті емес, бірақ мұның жалған екені анық, – дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ернар ӘБІЛҚАЙЫРОВ. – Біз ол сатылатын нысанға да жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Айтпақшы, тексеру кезінде сатылымда сүт болған жоқ, бірақ бізге екі декларация ұсынылды: біреуі тоқтатылған, екіншісі 2025 жылдың 15 мамырына дейін жарамды. «Қара шаңырақ Қазақстан» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік желіде қолданыстағы декларацияның күшін жойғаны (департаменттермен бірге сатылымды тоқтатқаны – автордың ескретпесі) туралы ақпарат таратты. Бірақ бұл олардың құзырында емес! Декларацияларды тіркеу және тоқтата тұру тәртібі бар және мұның барлығы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) комитеті тарапынан болуы керек, комиссия тыйым салғанға дейін сүтті сатуға болады. ЕАЭО тізілімінде «Любаня из Кубани» сүтіне декларациялар әлі де жарамды - мұны кез келген адам тексере алады. Иә, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бұйрығы бар, бірақ ол әлі тізілімге енгізілмеген. Сондықтан тауар әлі декларацияланған болып саналады. «Қара шаңырақ Қазақстан» әкелуге тыйым салуға қол жеткіздік дейді – бұл шындыққа жанаспайды. Біздің басқарманы да орынсыз айыптауға құқығы жоқ.

Келесі күні Атырау бас санитар дәрігерімен жеке сөйлескеннен кейін жазбаша жауап та келіп, онда «қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы СЭС департаментіне тиісті емес өнімдерді сатуға жол бермеу туралы хат жолдады» делінген.

«Қара шаңырақ Қазақстан» мен қалалық СЭС арасындағы кикілжің жалғасуда, екі тарап бір-бірінің дұрыс еместігін дәлелдейтін айғақтарды ұсынып жатыр, бірақ тұтынушы үшін маңызды нәрсе – «Любаня из Кубани» өндірушісі бізді алдады. Айтпақшы, біздің дүкендерде өтімді «Добрая буренка» сүті 15 мамырдан бастап сатуға тыйым салынған болып шықты. Тыйым салудың себебі, өкінішке орай, белгісіз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

3 маусым 2023, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.