Атырау, 27 қараша 23:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Сурет
1 324 просмотра

Атырау облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының лауазымына Нариман БИҒАЛИ тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Нариман Биғали Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «тарих» мамандығын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «құқық» мамандығын, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру»  мамандығын тәмамдаған

2011 - 2014 жылдар аралығында Атырау және Маңғыстау облысы бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясының автомобиль көлігі бөлімінің бас маманы, содан кейін 4 жыл «Нуркапстройгаз» ЖШС-не басшылық еткен. 2018-2020 жылдары Атырау облысы Құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің бас маманы, 2020 -.2021 жылдар аралығында Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, 2021 - 2022 жылдары Махамбет аудандық ТКШ және жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды.

 Осы тағайындауға дейін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

3 маусым 2023, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.