Атырау, 27 қараша 23:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Осы аптада Атыраудың су айдындарында төрт адам қаза тапты

972 просмотра

Бұл туралы Атырау облысының ТЖД басшысының орынбасары Асқат ЕРЖАНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

- Бірінші жағдайда 1995 жылы туған ер адам Атырауда қаланың аумағында Жайық өзенінен шығарылған. Өлім себебін анықтағанда қылмыстық сипаттар байқалды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, материалдар Полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылды. Екінші жағдай Құрманғазы ауданының Шарон өзенінде орын алған. 15 жасар жасөспірім шомылуға жадбықталмаған етілмеген жерде суға түсіп, батып кетті. Үшінші жағдай да Құрманғазы ауданында болған: 12 жасар бала аттың үстінде отырып, қатты ағынды суды кешіп өтпекші болып, суға құлап, батып кеткен. Төртінші жағдайда 59 жаста болған әйелдің денесі Атырау қаласы аумағындағы Жайықтан шығарылды. Бұл жерде де сот-медициналық сараптама жасалады, материалдар Полиция департаментіне жолданды, - деді А.Ержанов. 

Оның айтуынша, суға батып кетудің негізгі себептері - азаматтардың қауіпсіздік ережесін сақтамауы, рұқсат етілмеген, арнайы жабдықталмаған жерде шомылып, мас күйде суға түсуі деуге болады. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар арасында қайғылы оқиғаға ата-ана мен туысқандарының салғырттығы себеп екенін жеткізді.

Дайындаған Ләззат Қаражанова

3 маусым 2023, 21:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.