Будапешт көшелеріне мыңдаған оқытушы наразылық шараға тағы шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Жиналған жұрт жаңа заңға қарсылықтарын білдірді. Реформаға сәйкес, мұғалімдер мемлекеттік қызметкер мәртебесінен айырылады, ал бұл оларға жұмыс жүктемесін көбейтеді екен.
Сондай-ақ ұстаздар жалақыны өсіріп, қолайлы жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. Егер жаңа заң күшіне енсе, 5 мыңға жуық мұғалім жұмыстан кетеміз дейді.