Атырау, 27 қараша 23:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Бекіре – 2023»: 2 тоннадан астам балық өнімдері тәркіленді

Бейнежазба
1 098 просмотра

Атырау облысы аумағында 1 сәуір – 31 мамыр аралығында «Бекіре – 2023» балық қорғау жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 

Полицейлер балық қорғау инспекциясымен бірлесіп, Каспий теңізіне шыға берісінде және Жайық өзені бойындағы «Пешной» бекетінде жылжымалы кемелердің мобильдік топтарын құрып, Еркінқала, Дамба, Алғабас елді мекені  айналма жолдарында мобильдік топ қызмет атқарды. 

Балықтың заңсыз айналымына қатысты 64 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде, 6 іс-құжат бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

4 су қайығы, ау құралдары және 2 тонна 464 келі болатын балық өнімдері тәркіленді, оның ішінде 207 келісі бекіре тұқымдас балық. Балық «Жайық-Бекіре өсіру зауытына» тапсырылды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған сурет пен бейнежазба

2 маусым 2023, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.