Атырау, 2 сәуір 1755
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Атырауда жазықсыз қаза тапқандарды еске алуға арналған жас ақындар мүшәйрасы өтті

Сурет
1 370 просмотра

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жас жазба ақындар поэтикалық дуэлі» өтіп, іс-шараны Атырау қаласы Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Мүшәйрада 16-35 жас аралығындағы 14 қатысушы үш кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде еркін тақырыпта өз шығармашылығынан екі өлең оқыса, екінші кезеңде Саяси қуған-сүргін құрбандарына арнау мен патриоттық өлеңдер оқылды. Ал шешуші кезеңде жазба ақындар 10 минут ішінде Саяси қуған-сүргін құрбандарына өлең шығарды.

- Жалпы іс-шараның мақсаты – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу болса, екінші жағынан жалпы шығармашыл жастарымызға қолдау көрсету, - деді Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекарыс ЗАКАРИЯ.

Жарыс қорытындысымен Нұржан Өмірбай 1 -орынды (150 мың теңге) иеленсе, Асыланбек Шығыр 2 -орынды (100 мың теңге), Нұрай Талап 3-орынды (50 мың теңге) қанжығалады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

1 маусым 2023, 22:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16