Атырау, 23 қараша 21:06
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сербия Косоваға әскер жіберді

936 просмотра

Сербия Косовомен арадағы шекараға әскер жіберіп жатыр және де армияға жоғары дайындыққа көшу туралы бұйрық берілген, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне Косоводағы этникалық сербтер мен албандар қатынасының қиындауы себеп болды. Косоволық сербтер өздері көп шоғырланған солтүстіктегі Звечан қаласы әкімдігіне албан ұлты өкілінің сайланғанына қарсы.

Нарызылықтарын ашық білдіріп НАТО-ның бітімгер жауынгерлерімен, полициямен қақтығысты. Негізінен албандар тұратын Косово Сербиядан 2008-жылы бөлініп, тәуелсіздігін жариялады. Алайда жергілікті сербтер мен серб үкіметі  Косовоның мемлекеттігін әлі күнге дейін мойындамай отыр.

1 маусым 2023, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.