1 маусымда сағат 12:20 шамасында Қызылбалық ауылы тұсындағы Атырау-Дамбы тас жолында 18 жастағы жүргізуші басқарған Honda Odyssey көлігі мен 25 жастағы жүргізуші басқарған «Ваз 2114» көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. «ВАЗ» жүргізушісі бір жолаушысымен түрлі дене жарақатын алып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тиісті құжаттар жинақталып жатыр, деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті.
ПД сонымен қатар, жасөспірімдер басқарған көліктер соқтығысып, «соңғы қоңырауды» атап жүрген мектеп түлектері зардап шекті, деп әлеуметтік желіде таралып жатқан ақпараттың шындыққа сай еместігін хабарлады. Полицияның растауынша, бұдан бұрын қала аумағында мектеп түлектерінің көлік басқарып, көлік құралының терезесінен денесін шығарған деректер бойынша дер кезінде тиісті шаралары қабылданған.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Әлеуметтік желіден алынған сурет пен бейнежазба