Атырауда 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтті.
Жарысқа 15 өңірден 80 шахматшы сынға түсті. Ұйымдастырушы - ҚР және Ғ.Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федерациясы.
Аталған додада екі дүркін әлем чемпионы, ФИДЕ спорт шебері, атыраулық Зарина НҰРҒАЛИЕВА шахматтың «блиц» түрі бойынша чемпиондық атаққа ие болды.
Енді ол Грузияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, шахматтан Қазақстан чемпионаты Атырауда үшінші рет өткізіліп отыр.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған сурет