Атырау, 28 қараша 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Белсенді қартаю орталығының» жұмысы шілдеде жалғасады

929 просмотра

«АЖ» редакциясына хабарласқан оқырмандар биыл зейнеткерлердің бос уақытын белсенді, денсаулықтарына пайдалы етіп өткізуге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы биыл тоқтап қалғанын айтты.

Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жоба биыл наурыз айында мемлекеттік сатып алу порталына конкурсқа шыққан. Жеңімпаз анықталғанымен, бәсекелес болып конкурста ұтылып қалған ұйымдар тендер қорытындысына шағым білдірген.

- Қазіргі кезде шағыммен жауапты мекемелер айналысып жатыр. Шағым қаралып болғаннан кейін шілде айында жалғасуы мүмкін, - деді бөлім басшысы Анар ЖЕҢІСОВА.

Еске салсақ 2021 жылы пилоттық жоба ретінде басталған орталық алғашқы жылы 70, былтыр 150 зейнеткерді қамтыған еді. Жоба аясында зейнеткерлерге атпен серуендеу, бассейн, домбыра үйрену, вокал, шахмат секілді әдетте қолжетімді емес қызмет түрлері тегін ұсынылды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

1 маусым 2023, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.