Атырау, 1 қазан 04:39
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Атырауда «Дарынды балалар – еліміздің интеллектуалды ұлт болашағы» атты форум өтті

Сурет
841 просмотра

Облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ халықаралық, республикалық интеллектуалдық байқаулар мен олимпиадаға қатысқан жеңімпаз оқушылармен кездесіп, оларды жеңістерімен құттықтады. 

Біздің болашағымыз – дарынды оқушылар! Сіздердің жеткен жетістігіңіз бен алған біліміңіз инемен құдық қазғандай. Бұл сіздерге оңай жолмен келген жоқ. Алған білімдеріңіздің арқасында осы ортада «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып отырсыздар. Жыл бойы оқып, алған білімдеріңді дәлелдеп, облыс абыройын асқақтатқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әрқашан жолдарыңыз ашық болсын! Алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер! - деді С.Шәпкенов. 

Өңір басшысы олимпиада жеңімпаздарына Алғыс хат табыстап, оларды ақшалай сыйлықпен марапаттады.

Кейін дарынды «Атырау дарындары» әніне түсірілген бейнеклипінің тұсаукесері өтті. Облыс оқушылары соңғы үш жылда пәндер олимпиадасынан республикалық командалар арасында үздік үштіктен көрініп келеді. Нақтырақ айтсақ, 2021 жылы 42 медальмен үшінші орын иеленіп, биыл жаратылыстану-математика бағытында екнші орынды иеленді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

1 маусым 2023, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.