Атырау, 28 қараша 00:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Серік Шәпкенов мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасымен кездесті

Сурет
1 445 просмотра

«Абай» атындағы оқушылар орталығына 50-ге жуық ата-ана жиналып, оған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Талғат САҒИТОВ, «Отбасы банк» АҚ өкілдері де қатысты.

Басым көпшілігі негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Өңір басшысы баспана заңға сай кезекпен берілетінін түсіндірді. Сонымен қатар шілде айынан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған жаңа бағдарлама іске қосылатынын айтты.

- «Отбасы банк» АҚ-мен келіссөздер жүргізіп, «Бақытты отбасы - Атырау» бағдарламасын іске қостық. Бұл бағдарлама аясында қолданыстағы үйлерді алу үшін несие рәсімдеуге мүмкіндік бар. Ол үшін облыстық бюджеттен ақша бөлінді. Несие 5% жылдық мөлшерлемемен 20 жылға дейін беріледі. Сіздер пәтерді жалдауға да жарымай отырғандарыңызды жақсы білеміз. Сондықтан бұл бағдарлама арқылы тұрғын үй алған кезде алғашқы жарна төлеудің де қажеті жоқ. Атырау қаласынан үй алуға 18 млн теңге, аудандарда 13 млн теңгеге дейін несие беру қарастырылған,- деді С.Шәпкенов.

Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, ортопедиялық аяқ киімдердің сапасы, санаторийде емделуге ілесіп барушыға төленетін жәрдемақы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған инфрақұрылымды жақсарту мәселелері де сөз болды. 

Облыс әкімі жиынға қатысқан ата-аналардың мәселелерін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында шешу керектігін қадап айтты.

Атырау облысының әлеуметтік қорғау саласы бойынша анықтама: «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, мүгедектігі бар баланы алып жүретін ата-анасының біреуіне санаторийлік-курорттық емдеу құнының 70 пайызы төленеді. Облыс бойынша 1-топ мүгедектігі бар адамдар мен мүгедек балалардың жанына ілесіп жүретін адамдарға санаторийге бару үшін 55 АЕК (190 мың) мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат төленіп жатыр. Облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін 65 инватакси қызметі көрсетіледі». 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

31 мамыр 2023, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.