VI жазғы Паралимпиада ойындары 10-30 мамыр аралығында Алматы, Астана жане Актөбе қалаларында өтті. Жарысқа спорттың он түрінен, еліміздің 20 өңірінен мыңнан астам спортшы қатысты.
Сайысқа 2020 жылы Токиода өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері дзюдошы Әнуар Сариев, чемпиондар Ержан Сәлімгереев, Әлішер Гарифоллаев, Жанбота Аманжол, Альфия Тілекқабыл сынды танымал спортшылар қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте 44 алтын, 15 күміс жене 10 қола алқамен бірінші орынға Қарағанды облысы шықса, екінші орынға 35 алтын, 9 күміс және 9 қола алқамен Атырау облысы шықты. Ал 24 алтын, 16 күміс жене 6 қола алқамен Актөбе облысы үздік үштіктің қатарына енді.
Атыраулық спортшылар дзюдо, таеквондо, теннис және отырып волейбол ойнау бәсекелерінде қарсылас шақ келтірмей, командалық бірінші орындарға ие болды.
Осы жарыстарда үздік атанғандар іріктеліп, алда келе жатқан Ханчжоу-2024 IV пара Азия ойындары мен XVII жазғы паралимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ