Атырау, 28 қараша 00:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жантүршігерлік статистика: Жыл басынан бері 19 суицид әрекеті жасалды

1 073 просмотра

29 мамырға ауған түні патрульдік полиция қызметкерлері орталық көпірден секірмекші болған тағы бір адамды құтқарып қалды.

Бұл оқиғаның кейіпкері - 40 жастағы азаматша. Ал осы оқиғадан бірнеше күн бұрын, Алмагүл ықшамауданында 18 жастар бойжеткен үй балконынан секіріп өз-өзіне қол жұмсаған болса, 15 мамырда 42 жастағы әйел де дәл сол ғимараттың тоғызыншы қабатынан секіріп кеткен еді. Сол ықшамаудандағы көпқабатты үйдің бірінен секірмек болған 23 жастағы азаматты да қоса кетейік. Сәуір айында қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім қызды бүкіл қала болып іздегені де әлі есімізде.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Мейрим ЕРДАУЛЕТТІҢ ақпаратына сәйкес жыл басынан бері 19 суицид әрекеті орын алған, оның 7-еуі өз ажалына жетті.

Жаңалықтар тізімінде жаңа оқиғалар қосылып, бұндай әрекеттер жиіленіп кеткендей. Wisevoter ұйымының 2023 жыл 30мамырдағы есебіне сейкес суицид бойынша 178 елдің ішінде Қазақстан 91-орында тұр – 100 мың халыққа 21%. Бұл мақала шыққанға дейін көрсеткіштердің өзгеруі әбден мүмкін, себебі бұл сайтта барлығы нақты уақыт режимінде жарияланады: сандар мен пайыздар минут сайын өзгеріп, бүкіләлемдік сиуицид бойынша базаны толықтырып отырады.

ДДСҰ-ның классификациясына сәйкес, біздің мемлекет, жасөспірімдер мен жастардың арасындағы суицид бойынша алғашқылардың бір болатын мемлекеттер қатарына кіретінін айта кеткен жөн.

ДДҰ классификациясына сәйкес, біздің ел жасөспірімдер мен жастар арасындағы өлім-жітімнің негізгі факторы суицид деп белгіленген елдер тобына кіретінін айта кеткен жөн.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

 

30 мамыр 2023, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.