Атырау, 25 желтоқсан 03:52
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атыраулық өрт сөндірушілер 7 адамды құтқарды

1 228 рет қаралды

30 мамыр күні 10:35 сағатта Атырау қаласы Сырым Датов көшесінде орналасқан  6 қабатты үйлердің бірінің балконынан түтін шыққаны туралы шақырут түсті.

Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші  қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың жанып жатқанын анықтады. ТЖД қызметкерлері 7 адам, оның ішінде 5 баланы автосаты арқылы 5-ші және 6-шы қабаттан шығарып, құтқарып алды. 

Жарты сағат ішінде өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.  Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылды деп хабарлады Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет ТЖД

30 мамыр 2023, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.