Атырау, 28 қараша 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Рухы мықты спортшылар жеңіспен оралды

Сурет
1 033 просмотра

Алматыда жеңіл атлетикадан VI жазғы Паралимпиада ойындары өтті. Оған Атыраудан 11 спортшы қатысып, 13 алтын, 8 күміс, 4 қоланы қанжығалап қайтты.

Атап айтқанда, тартысты додада көру қабілеті нашар Айдана ӘЛИЕВА 100 метр және 200 метр қашықтыққа жүгіруден қос алтын иемденіп, диско лақтырудан қола жүлдегер атанған. Ал, Амангелді ЕШІМОВ (оның да көру қабілеті нашар) найза лақтыру мен қашықтыққа секіруден қос алтын алып, диско лақтырудан екінші орынды иемденді.

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ  өңір атын асқақтатып келген спортшыларға алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.

- Тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған спортшылар арасында өткен паралимпиада ойындарындағы жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің тараптарыңыздан айтылып жатырған ұсыныс-пікірлеріңізді қабылдап, сол бойынша жұмыстанамыз. Қазіргі уақытта спортшылардың спорттық киімдерін біртіндеп жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, паравелоспортты да дамытуды көздеп отырмыз. Қажеттіліктеріңізге сай келетін барлық спорт құралдары мемлекеттік сатып алу арқылы қарастырылады,- деді Ж.Бисембиев.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған сурет

31 мамыр 2023, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.