Атырау, 17 мамыр 06:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

885 просмотра

Қостанайда таэквондодан (GTF) жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Нәтижесінде, бапкер Берік Әлжанов жетекшілік ететін Атырау облысының құрамасы жинаған медальдар саны бойынша екінші орынды иеленді.

Төменгі жастағы жеңімпаздар қатарында Захар Пак пен Расул Беріков, Томирис Жанболатқызы және Ким Ри На бар. Жоғары жастағы ұлдар арасында Қошбай Бекзат, Айбек Демегенов, Дана Ерланқызы, Дильназ Дүйсенбаева, Жадыра Әлім және Полина Ляшенко бар.

* * * * *

Таразда қазақша күрестен ҚР кубогы өтті. Жарысқа 600-ден астам палуан қатысты.

Бапкер Айбек Серғазиев бастаған атыраулықтар айтарлықтай жетістікке жетті. Жүніс Бекет (55 келіге дейін), Нұрболат Ізімғалиев жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар Әлем кубогына жолдама алды.

* * * * *

Оралда WKF каратэден Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға арналған естелік мемориалы 8-халықаралық «Akzhaiyk Open» турнирі өтті.

Жарысқа 4 мемлекет пен Қазақстанның 15 облысынан 700-ден астам спортшы қатысты. Атыраудан «Қайсар», «Намыс» спорт клубтарының, Олимпиадалық резервті қалыптастыру орталығының шәкірттері қатысты.

Турнирде Атырау құрамасы 4 алтын, 5 күміс және 9 қола алқа жеңіп алды. Атап айтқанда, алтын алқаны Дамир Нұрберген, Батырғали Файзолла, Дарья Глебова және Әмина Сырым жеңіп алды.

* * * * *

Ақтөбеде белдесіп күресуден Марат Оспановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейден 250-ден астам спортшы қатысты.

Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 2 қола алқа жеңіп алды. 82 келіге дейінгі салмақта Аманбек Аруов жеңімпаз атанды. 62 келі салмақта Тұяқбай Ерсін мен 90 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Сәрсенғалиев күміс, 75 келіге дейінгі салмақта Саян Қайырғалиев пен 90 келіге дейінгі салмақта Мүтіш Думан қола жүлдені иеленді.

* * * * *

Астанада тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында ҚР VI Паралимпиадалық ойындары өтті. Пара-таэквондо жарысында Атырау облысының спортшылары 3 алтын алқа жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Ғибратжан Бақберген (58 келіге дейін), Жанболат Қазиев (80 келіге дейін) және Әлішер Ғариполлаев (80 келіден жоғары) ойын жеңімпаздары атанды.

* * * * *

Ыстамбұлда кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасында өткен әлем кубогында Атырау облысының құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола алқа жеңіп алды.

Кикбоксингтің бірнеше түрінен өткен турнирге 42 елден 2807 спортшы қатысты. Жастар арасында атыраулық спортшымыз Мейрамғали Санжар жеңімпаз атанса, Айбек Шамболов пен Жеткеншек Асылжан күміс жүлдегер атанды. Ересектер арасында Төлеуғали Исламсанжар мен Саматова Гүлбану қола алқаға ие болды.

Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орын алды. Бірінші орында Түркия құрамасы, үшінші орында Өзбекстан құрамасы.

* * * * * 

Талдықорғанда джиу-джитсудан жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 1500-ге жуық спортшы қатысты.

Айбар Есенғалиев бастаған Атырау облысының спортшылары 30 алтын, 30 күміс, 26 қола алқа иеленді. Жарыс жеңімпаздары тамыз айында Астанада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

29 мамыр 2023, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.