28 мамырда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» мен «Астана» арасында футболдан ел чемпионатының 11-турының матчы өтті.
Айта кету керек, біздің команда соңғы уақытта жақсы қарқынға ие болып, осы чемпионатта еліміздің қазіргі чемпионы, сондай-ақ турнирлік кестенің көш бастаушысымен өткен ойын сынақ секілді болды. Не дейік... Жуан «төрт» деген баға қоюға болады. Мұнайшылар жақсы қорғаныста болып, қонақтардың сансыз шабуылдарына тойтарыс берді (ал біздің қақпашымыз Егор ХАТКЕВИЧ қақпада жолбарыстай секіріп, бірнеше рет сейвтер жасады). Ал матч соңында алаң иелері қауіпті қарымта шабуыл жасады және жалпы жеңіске жетуге болатын еді.
Бірақ есеп 0:0 болды. Енді 18 ұпаймен «Атырау» турнирлік кестеде 6-шы орында келеді. Астанадан және басқа да командалардан ұпай саны жағынан әлі алыс, бірақ кім біледі.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ