Атырау, 28 қараша 00:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда шағын индустриялық аймақтар құру жоспарланып отыр

878 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВ, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, «Petrocouncil» мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту кеңесі және «KPI» ЖШС өкілдерімен бірлескен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.   

Меморандум аясында шағын индустриялық аймақтар құру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, атап айтқанда, мұнай химиясы саласына серпін береді. 

– Меморандум аясында кәсіпкерлермен бірлескен жұмыстар жүргізілмек. Шағын индустриялық аймақтарды құру, оған инвесторлар тарту, мұнда жұмыс орындарын ашу, жергілікті қамтуды дамыту жобасын қолдау қажет. Сондай-ақ, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС өндіретін полипропиленді шикізат ретінде пайдалану, өңдеу арқылы жаңа химиялық өнімдер шығару арқылы мұнай-химия саласын одан әрі дамытуға жағдай жасалады, - деді М.Мурзиев.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

27 мамыр 2023, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.