Атырау, 23 қараша 21:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Халқымыз тіпті күлуді доғарды»: Қырғызстан депутаты БАҚ туралы

1 171 просмотра

Қырғызстанда «Бутун Қырғызстан» парламенттік фракциясының отырысында депутат Айбек Осмонов журналистерді жағымсыз жаңалықтар жазбауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24.kg-ге сілтеме жасап.

Отырыста «БАҚ туралы» заң жобасы мен елдегі сөз бостандығының жай-күйі талқыланды.

«Өзбекстан мен Қырғызстанның БАҚ-тарын қарастырайық. Осы елдердегі сөз бостандығын салыстырайық. Қырғызстанда бұқаралық ақпарат құралдарында тәртіпсіздік бар. Мәселенің парқына бармай жатып, ақпарат таратады. Халқымыз тіпті күлуді доғарды. Тек теріс ақпарат. Сенімдісі де, сенімсізі де әлеуметтік желілерде жарияланады. Өзбекстанда осылай істеп көрсін. Барлық жерде тәртіп болуы керек. Біз негативті таратуды тоқтатуымыз керек», - деді Айбек Осмонов.

Ол кейбір БАҚ өкілдері сөз бостандығын теріс бағытта қолданып жүргенін айтты.

26 мамыр 2023, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.