Атырау, 28 қараша 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Президенттік» дәрігерлер Атырауға тұрақты түрде келетін болады

Сурет
963 просмотра

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей ЦОЙ және Атырау облысының әкімі Серік ШӘПКЕНОВ өңірімізге астаналық медиктердің сапары барысында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жасалған келісім – өңір тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту қызметтерін алуға, қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. 

Президент халықтың денсаулығы мен өмір жасының ұзақтағы бірінші кезектегі мәселе екенін айтты. Өңірімізге бір сөзбен айтқанда, ғасырлық тарихы бар медициналық орталық келіп отыр. Бұл - әлемдегі барлық озық технологияны игеріп, оны елімізде іске асырып отырған орталық. Атырау халқы орталыққа барып ем іздеп шарлап жүрмеуі керек. Өңірімізде де сондай сападағы медицина тұрғындарға қолжетімді болуы керек. Міне, осы мақсатта орталық мамандары облысымыздың дәрігерлеріне білімімен, жиған тәжірибесімен бөлісуде. Осы сәтті дұрыс пайдалана білуіміз керек, - деді С.Шәпкенов.

Медицина орталығының басшысы Алексей Цой өңір тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын атап өтті. 

Мемлекет басшысы басты бағыттарды айқындады. Бұл әрбір қазақстандық үшін озық технологиялар мен әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі. Осы тұста ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының 35 маманы жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, 26 ота жасады. Меморандум аясында бұл жұмыстар жалғасын тауып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады,- деді А.Цой. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

27 мамыр 2023, 18:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.