Атырау, 12 қазан 05:38
 дождьВ Атырау +13.2
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Жылыойда жоғалған малшыны іздестіріп жатыр

Сурет
1 583 рет қаралды

Атырау облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, бақташының жоғалғаны туралы 24 мамырда күндіз хабарланған.

- Бақташы болып жұмыс істейтін 37 жастағы ер адамның қыстақтан 23 мамырда сағат 17:00-де шығып кеткені анықталды. Қыстақ Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жаққа кері оралмаған, - деп хабарлады ТЖД.

Оны іздестіруге Жылыой аудандық полиция бөлімінің 5 құтқарушысы мен қызметкерлері қатысуда.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген ТЖД

26 мамыр 2023, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.