Атырау, 28 қараша 00:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мақат пен Доссорда перрондар жаңартылады

Сурет
1 315 просмотра

Мақат пен Доссорда теміржол перрондарына күрделі жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Мақат кентіде бұл жобаның құны 319 млн 382 мың теңге болып бекітілген. Жобалаушы мекеме – «Сала» ЖШС, мердігер - «Дос7» ЖШС. Перрон ұзындығы 448,8 метр, ені 4 метр. Әкімшілік ғимарат салу жоспарланған. Оған желілік полиция бөлімі, демалыс бөлмесі, кафе, әжетхана және жүк қоймасы қарастырылған. Сонымен қатар, жобада көше жарығы, жолаушылар ыңғайлығы үшін 10 отырғыш және т.б. қарастырылған.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек ІҢІРБАЙДЫҢ айтуынша, құрылыс заттарының бағасының күрт өсуі - мердігер мекемеге кері әсерін тигізуде. Дегенмен, қолға алған жұмыстарды биыл аяқтау көзделуде.  

Ал Доссор кентіндегі вокзал перроны бойынша жоба құны 127 млн 434 мың теңге. Перрон ұзындығы 300 метр, ал ені 4 метр. Жобада Led шамдары бар 23 дана көше жарығы және 6 отырғыш, 6 дана қоқыс жәшігі қарастырылған.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі жолдаған суреттер

25 мамыр 2023, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.