Атырау, 22 қараша 00:03
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Атырауда «Тартынбай сөйлер асылмын» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтті

Сурет
1 112 просмотра

Махамбет Өтемісұлының мерейтойына арналған мүшәйра Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтіп отыр.

Сайысқа еліміздің 18-40 жас аралығындағы 19 жазба ақын қатысты. Мүшәйра үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушының Махамбет Өтемісұлының мерейтойына арналған еш жерде жарияланбаған өз өлеңін оқыды. ІІ кезеңде қатысушылар алдын ала қазылар алқасына тапсырылған Махамбеттің 10 өлеңінен үзінді оқыды. ІІІ кезеңде берілген берілген түрлі тақырыптың біріне 10 минут уақыт ішінде өлең жазуы тиіс болды. 

Ақындар сайысында шумақ ұйқасының күрделілігі, тақырыптың ашылуы, әдеби теңеу, эпитет, метафора, көркем мәтіннің орындалу шеберлігі мен сахна мәдениетіне назар аударылды.

Сайыс нәтижесінде атыраулық Асыланбек Шығыров бас жүлдені жеңіп алса, Батыс Қазақстаннан Әділет Орынбасаров І орынды, павлодарлық Жарқын Әбу ІІ орынды, маңғыстаулық Жұмагүл Мұрсал ІІІ орынды иеленді. Ал қалған қатысушылар арнайы жүлдеге қол жеткізді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

25 мамыр 2023, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.