Атырау, 28 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қырық жыл бұрынғы май қалдығы

Сурет Бейнежазба
1 227 просмотра

«АЖ»-ға Мақат кентіндегі депо маңында жиналған сорда «қара май» қалдықтары пайда болғаны туралы дабыл түсті.

Бұған дейін бұл жай туралы әлеуметтік желіде видеожазба тараған болатын.  Онда май қалдықтары  үлкен сорға жетіп, жерді бүлдіріп жатқаны жөнінде айтылған.

- Депо маңында тұрмыз, тепловоздарды жуғаннан шыққан май болса керек, осы арнайы алаңшаға төгіледі. Ал мына сордағы май қалдығының жатқанына он жылдан асқан болар. Мұны экология департаменті зерделеп, шарасын алса деймін, - дейді қоғам белсендісі Ғазиз ҒАБДУЛЛИН.

- Локомотив депосының құрылғанына 65 жыл болған. Мекемеде бірнеше жылдан жұмыс жасайтын қызметкерлердің айтуынша 1983 жылдары «Кенбай» кеніндегі қазандарға май айдайтын құбыр жарылып, осы сорға май төгілген. Сордың айналасындағы қара май қалдықтары содан бері қарайып қатып жатыр. Яғни, 40 жыл бұрынғы жатқан май қалдығы, - дейді «Қамқор Локомотив» ЖШС Ақтөбе локомотив  жөндеу депосы» филиалы Мақат сервис орталығының директоры Жәңгір ЕСЕРКЕПОВ. - Ал тепловоздарды жуғаннан шыққан май қалдығы 1996 жылы жасалған сүзу алаңына төгіледі. Ал ондағы қалған май қалдықтарын екі, үш айда сүзіп алып, арнайы орынға тапсырамыз. 

- Қаншама жылдан бері қар түсіп, жауын-шашын болса да сордағы май жойылмай тұр ма?

- Ылғал көп түскенде сордағы қара май қалдықтары жоқ болып кетеді. Ал жаңбыр жаумай, құрғақшылық болса осылай қарайып жатқаны.             

 Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор      

26 мамыр 2023, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.