Атырау, 23 қараша 21:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко сырқаттанып жүргені жөніндегі қауесетке жауап берді

791 просмотра

Беларусь президенті Александр Лукашенко сырқаты туралы айтуды доғаруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол пікір білдірген кадрлар республика басшысының баспасөз қызметіне жақын "Пул Первого" Telegram арнасында жарияланды.

"Біреу мені өліп қалады деп ойласа, сабыр етіңіз. Сабыр етіңіз. Бұл мессенджерлер мен телеграм каналдарындағы өсек-аяңнан басқа түк те емес. Аденовирус немесе тағы не еді? Аденовирус. Ештеңе", –  деді Лукашенко.

Көптен бері ел алдына шықпаған Беларусь президенті Александр Лукашенко 14 мамырда Минскіде өткен іс-шараға да келмеді, бұл "президент қатты науқастанып жатыр" деген қауесеттің желдей есуіне себеп болды.

24 мамыр 2023, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.