Атырау, 28 қараша 00:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын бұзылған 100-ден астам дерек анықталды

1 065 просмотра

Бұл туралы қалалық прокуратурадан хабарлады. Прокурорлық қадағалау шараларымен Атырау қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу арқылы мүгедек балаларды үйде оқыту төлемі 2,4 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін көтерілді.

Үш мүгедек жанда жұмыс уақыты қысқартылды, оларға қосымша демалыс күндері берілді.

Жеке көмекшілердің қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу (олардың 69-ы басқа жерлерде жұмыс істеген) және қайтыс болған 30 адамға бюджет қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Мүгедектерге қолжетімділік талаптарына сай келмейтін әлеуметтік нысандар орнатылды.

Анықталған заң бұзушылықтар жойылды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

24 мамыр 2023, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.