Атырау, 28 қараша 00:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құтқару түймесі

1 043 просмотра

Атырау көшелерінде полициямен тез арада байланыс орнатуға көмектесетін SOS дабыл түймелері орнатылды.

Атырау облыстық ДП баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ айтуынша, былтырдан бері бес түйме жақсы жұмыс істеп келеді. Олар халық көп шоғырланатын жерлерде: Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда, теміржол вокзалында, Исатай мен Махамбет алаңында, Жеңіс саябағында және орталық жағалауда орналасқан. Халық көп жиналатын жерлерге тағы жеті түйме орнатылып, жақын арада пайдалануға берілмек.

SOS түймелері қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына лезде хабарласуға көмектеседі. Кіріктірілген камера мен динамикалар тәртіп сақшысының жүгінген адам арасындағы бейнетүсірілім мен дыбыстық байланысты қамтамасыз етеді.

Қыста орнатылған бес түймені тұрғындар біле бермейді (мүмкін бұл жақсы шығар). Қыс пен көктемде бір ғана азамат түймені басқан. Бірақ әлі кеш емес: полицейлер жазда, әдетте, суық мезгілмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай көбейетінін айтады.Айтпақшы, дабыл түймесін төтенше жағдайларда ғана емес, мәселен, адасып кетсеңіз де басуға болады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суретті түсірген автор

27 мамыр 2023, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.