Атырау, 28 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Құлсарыдағы қоршаусыз зираттар

Сурет
1 424 просмотра

Құлсары қаласында зираттарды қоршау уақытында аяқталған жоқ. Қала әкімшілігі мердігерді сотқа беруде.

Қаланың сыртындағы аумағы 25 гектарды құрайтын «Матай ата» зиратын қоршауға бюджеттен 105 млн теңге қаралған. Ал қаланың ішіндегі «Құлсары ата», «Мамық ата», «Дияр ата», «Күмбезді», «Төртінші» және «Тоғызыншы» ықшамаудандардағы зираттарды қоршауға 197 млн теңге бөлінген. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС жұмысы өте баяу жүруде. Қала ішіндегі зираттардың қоршаулары алынып, ашық-шашық күйде жайрап жатыр.  

- Осы жерде ет жақын туған-туыстарымыз жатыр. Ашық жатқасын балалар да осы жерге үйір. Неге осы жұмысты бастаған мекеме өз істеріне салғырт қарайды? - дейді жергілікті тұрғындар.

«ГрадСтройСервис» ЖШС-нің учаске бастығы Дәурен МАЖЕНОВ:

- Құрылыс материалдары, соның ішінде шебень, топырақ  Ақтөбе қаласынан теміржол тасымалы арқылы әкелінеді. Алайда вагондардың уақтылы болмауы салдарынан кешігіп жатқанын жасыра алмаймыз. Қалыпқа түсті, жұмыс жүріп жатыр.

Құлсары қаласының әкімі Қадыржан АДИНОВ:

 - Иә, зираттарды қоршау жұмыстары өте баяу жүріп жатқанын жасыра алмаймыз. «Матай ата» зиратының қоршауы уақытылы аяқтала келді. Бірақ қалған алты зираттың қоршауы алынғанымен, оның орнына жаңасын жасау кешігіп жатыр. Бұл жұмыстар мамырдың 14-інде аяқталуы тиіс болатын. Тапсырысшы ретінде мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС-ін ауданаралық экономикалық сотына жосықсыз қатысушы деп тану және айыппұл төлеуі қажет деген талаппен сотқа жүгінудеміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

23 мамыр 2023, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.