Атырау, 28 қараша 00:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырауда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар қоғамдық көлікте тегін қатынайды

1 488 просмотра

Бүгін, 22  мамырда облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 25-ке жуық ата-анамен кездесті. Олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Ата-аналар әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Өтінішін айтып келген тұрғындардың мәселесін тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бүгіннен бастап мүмкіндігі шектеулі бала тәрбилеп отырған ата-аналар қоғамдық көлікпен тегін қатынайтынын айтты.

- Қазіргі таңда қоғамдық көліктерде тегін жүрушілер қатарына өзгерістер енгізіп, мүмкіндігі шектеулі жанмен бірге жүретін адамды да тегін қатынауы үшін әкімдіктен қаржы бөлу мәселесі мәслихат отырысында қаралады. Бұл - күн тәртібіндегі басты мәселе. Елімізде бірнеше жылдан бері әлеуметтік портал жұмыс істеп тұр. Сол арқылы аяқ-киімнің түрлері, өлшемі сынды параметрлерді таңдап аласыздар. Аяқ-киімдерді заттай емес, ақшалай беру әкімдік деңгейінде шешілетін мәселе емес. Бұл турасында тиісті министрліктерге ұсыныс жолданады. Ал тұрғын үй заң бойынша кезек реттілігімен беріледі. Сондай-ақ сіздер көтерген өңірлік деңгейдегі мәселелер өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешімін табады,-деді Ж.Бисембиев.

Кездесуде Жасұлан Бисембиев аналарға жергілікті әкімдік дейгейіндегі мәселелер оң шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ әлеуметтік сала мамандарына мүгедектік туралы мәселелер бойынша телеграмм чат құрып, оған ата-аналармен қоса барлық мемлекеттік орган басшыларын тіркеуді тапсырды.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

22 мамыр 2023, 21:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.