Атырау, 28 қараша 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атырау облысында 167 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

1 238 просмотра

Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 9-сыныпты 11789, 11-сыныпты 5683 оқушы бітіреді. «Алтын белгіге» үміткер 167, «Үздік аттестатқа» үміткер 247  оқушы бар. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай БИМАНОВА брифингте мәлім етті.

- Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі №88 «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығыны сәйкес, 9(10) сыныпта білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өтсе, 11(12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 5-19 маусым аралығында өтеді, - деді О.Биманова. Сондай-ақ ол балалардың жазғы демалысын қалай өткізетініне тоқталды.

- Осы жылдың 5 маусым мен 31 тамыз аралығында 1-10 сыныпта оқитын 7-14 жас аралығындағы 78 198 бала қамтылады. Оның ішінде 8466 бала 149 мектеп жанындағы лагерде демалады. Сонымен қатар жеті ауданда 19 «Жас шабақ құтқарушылар» топтары жұмыс жасайды. Жоғары сынып оқушылары еңбек практикасы есебінен еңбек етеді. Атап айтқанда, бұл мектеп аумағын көгалдандыру және санитариялық тазалау жұмыстары.

Сондай-ақ, «Жаздық сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында 1000 оқушы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университеті «Ainaline Camp»-та демалады. Ал жалпыға міндетті оқу қорынан 1277 оқушы қала сыртындағы лагерьлерге жолдама алып, олар үшін басқа облыстың мәдени-көрікті жерлеріне саяхаттар ұйымдастырылады.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

23 мамыр 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.